Педагог-психолог қызметіне конкурс жариялау » Қайнар жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Қайнар жалпы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired

» » » Педагог-психолог қызметіне конкурс жариялау
08
April
2024

Педагог-психолог қызметіне конкурс жариялау

                         

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!

      Мемлекеттік мектебінің педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі 2012 жылғы 21 ақпандағы

 № 57 Бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!

Түркістан облысының білім басқармасының  Бәйдібек ауданының білім бөлімінің «Қайнар жалпы білім беретін мектеп» Education Department of Kerbulak district (бұдан әрі – Мектеп) педагог – психолог (15.04.2024 жылға дейін) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды


  Педагог - психолог мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері:

-мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

-білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

-білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

-білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

-пәні бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

-бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

-журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;

-оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

-оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

-білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

-оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

-инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

-ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

-арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

-интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

-әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

-ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

-ата-аналарға кеңес береді;

-кәсіби құзыреттілікті арттырады;

-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

-білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

-ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

-тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

-білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


      Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

-және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  есептеледі – 08.04.2024 – 15.15.2024 

(жеті жұмыс күні ішінде);

Электрондық немесе қағаз түрінде жолданатын құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Мектептің мекен жайы: 

160706, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек  ауданы, Мыңбұлақ  а.о.,  Қайнарбұлақ  а., Қайнарбұлақ the outside, № 1 ғимарат,

 8 776 321 3259, Kainar_mkm@mail.ru

Еңбекке ақы төлеу мөлшері штаттық кестеге сәйкес жүзеге асырылады (оқу жүктемесіне, біліктілік деңгейіне, өтіліне қарай есептеледі).