Аттестат тапсырылу сәтінен. » Қайнар жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Қайнар жалпы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired

» » Аттестат тапсырылу сәтінен.
23
August
2022

Аттестат тапсырылу сәтінен.

 Қайнар жалпы орта мектебінде 16 маусым күні 9 және 11 сынып оқушыларына мемлекеттік үлгідегі аттестат тапсыру іс- шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп басшылары, оқушылар, ата- аналар қатысты. Мектеп директоры
 Б. Кунтубаев құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға аттестат тапсырып, үлгерімі жақсы оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады. Түлектерге өмірде өз жолдарын табуын тіледі. 
9 сыныптың  оқушысы Айтбек Әйгерімге "Best аттестат" тапсырылды.
11 сынып оқушысы Зиябек Саятбек те "Best аттестат" иегері болды. Best аттестат алған оқушылардың ата- аналары және сынып жетекшілерге сөз берілді. Өз кезегінде оларда оқушылардың жолдарының ақ болуын, тек биік белестерді бағындыра беруіне тілектес екенін жеткізді. Мектеп ұжымына үлкен алғыстарын білдірді. Оқушылар ән айтып, би биледі. Іс- шара өз деңгейінде өтті.