Мектептің қысқаша тарихы » Қайнар жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Қайнар жалпы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих

01
сентябрь
2021

Мектептің қысқаша тарихы

        Мектептің қысқаша тарихы.         
         Қазіргі Қайнар ауылының территориясында 1934 жылы екі бастауыш мектеп ашылған. Олар: Қайнар, Ақтас бастауыш мектептері. Осы екі мектептің негізінде 1956 жылы «Қайнар» жеті жылдық мектебінің негізі қаланды. 1967 жылы сегіз жылдық, 1989 жылы орталау, 1990 жылдан бастап орта мектеп болды. Мектепте әр жылдарда Әбенов Әлібек, Қалауова Қызтума, Оңғарбаев Бекен, Жиынбеков Қуандық, Құдайбергенов Сәрсенбек, Жұмашов Оразбек, Қошанов Айтбек, Шпеков Әлімхан, Біржанов Әбу басқарды. 
1973 –1993 жылдар аралығында мектепті үзіліссіз 20 жыл Қошанов Айтбек басқарды.
1993 – 2013 жылдар аралығында мектепті үзіліссіз 20 жыл Бектұрғанова Рабиға басқарды.
        Оқушылар   қазіргі   таңда заманауи мектепте білім алады.   2009 жылдың 01 қыркүйегінен бастап «Қайнар» жалпы орта мектебі 320  орындық жаңа жайға қоныстанды. Мектептің жалпы құны 346 млн 700 мың теңге. Мектепте әртүрлі мақсатка арналған 37 кабинет болса, соның 18 –і  пән кабинеттері. Әр кабинетін мұғалімдер өз қаржысымен жабдықтады. Перделер ілінген, гүл өсірілген.
2 шеберхана, (1 – і металл өңдейтін, 1- і ағаш өңдейтін) 1 тігін кабинеті жұмыс істейді. 3 бөлмеден тұратын медкабинеттер бар. Компьютермен жабдықталған стоматология кабинеті бар. 
2 бөлмеден тұратын кітапхана жұмыс істейді. Жаңа типтегі спортзал, 208 орындық акты залы бар. Бастапқы әскери дайындық пәніне арналған 2 кабинет, 1 даңқ залы бар. Мектеп жанында БӘД элементтері орналасқан алан жұмыс істейді. 
Қазіргі таңда 2014  жылдан бері мектепті Кунтубаев Бағдат Қалмұратұлы басқарып келеді.